Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

247
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/v6cSoxweYDvGOpir0PgzI33urq8O7A6HLi4Ut1m6.jpg

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда ол түркиялық Бекир Кесерден басым түсті.

Мерей Базарбаев финалға дейін жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы, америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен, франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсті.

Yorumlar
Diğer Haberler