Қатерлі ісік. Рим папасы XIV Лев ота жасатты

194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iuvjipf71E5KdYf2cC8DEiUH4UFxmqviNtrRu1BC.webp

13 қазанда Рим Папасы XIV Лев қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін өкпесіне ота жасатты. Понтификтің оң жақ өкпесінің бір бөлігі алынып тасталды. Бұл туралы Vatican News жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қасиетті Тақтың баспасөз қызметі дәрігер Луиджи Карбоне мен профессор Стефано Маргаритораның отаға қатысты мәлімдемесін жариялады.

Хирургтер понтификтің оң жақ өкпесінің төменгі бөлігін алып тастаған.

«Зақымданған тіндерді толық алып тастау үшін оң жақ өкпенің төменгі бөлігі бейнехирургиялық әдіспен алынды», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ тіндерге жүргізілген зерттеу дәрігерлердің алдын ала тексерулер нәтижесінде болжаған диагнозын растағаны хабарланды.

«Ота кезінде жүргізілген гистологиялық зерттеу операцияға дейінгі тексерулердің нәтижесінде болжанған өкпе аденокарциномасы диагнозын растады», – деп мәлімдеді дәрігерлер.

Ота 90 минутқа созылған. Ал Рим папасы операциялық бөлмеде шамамен үш сағат болған.

Дәрігерлердің айтуынша, хирургиялық араласу сәтті өтіп, ешқандай асқыну болмаған. Католик шіркеуінің басшысы есін жиып, кейін палатаға ауыстырылған.

Yorumlar
Diğer Haberler