Өзбекстанның қорғаныс министрі ауысты

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/anOsH8oYsFhAS3zbQ1lkqnwxeT2E22J8q6RdkgcV.jpg

Ботир Қудратходжаев Өзбекстанның қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Тиісті жарлыққа ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойған. 

Бұған дейін қорғаныс министрлігін басқарған Шухрат Халмұхамедов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымды 2024 жылдың қарашасынан бері атқарып келген.

Ботир Қудратходжаев 1975 жылғы 12 қарашада дүниеге келген. Ташкент мемлекеттік заң институтын бітіргеннен кейін прокуратура органдарында қызмет еткен. Әр жылдары Сұрхандария және Хорезм облыстары, Ташкент қаласының прокуроры болған. 2017–2020 жылдары Бас прокуратура жанындағы мәжбүрлеп орындату бюросын басқарған.

2022 жылғы қарашадан 2025 жылғы ақпанға дейін Өзбекстанның бас прокурорының орынбасары әрі әскери прокуроры қызметін атқарды. Кейін төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалып, бұл қызметте шамамен бір жыл жұмыс істеді.

2026 жылдың қаңтарында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары – жедел-іздестіру департаментінің бастығы лауазымына тағайындалған.

Yorumlar
Diğer Haberler