Астана қаласында «Ұстазым, ардақты ұстазым!» челленджі басталды

251
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3lllIgbCNhHySv9ruXkStYrHMNUyUFzhoZSgWJfP.jpg

Ұстаздар күніне орай 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Астана қаласында «Ұстазым, ардақты ұстазым!» челленджі өтеді.

Челлендждің мақсаты – ұстаз еңбегіне құрмет көрсетіп, шәкірт пен мұғалім арасындағы ерекше байланысты дәріптеу.

Челленджге кез келген қала тұрғыны қатысып, білім мен тәрбие берген ұстазына жүрекжарды тілегін жолдап, алғысын білдіре алады.

Қала әкімдігі барша қала тұрғынын #ҰстазымАрдақтыҰстазым челленджіне қатысуға шақырды.

Yorumlar
Diğer Haberler