Азия ойындары. Жеңіл атлетикадан Кристина Морозова күміс жүлде иеленді

618
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2myWzn2bvzRnzvPytxrR9aOwZps6ivckC8dqOBVU.webp

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Морозова Жапонияның Айти – Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды "Адырна".

Спорттық жүрістен сынға түскен ұлттық құрама өкілі жарысты 1 сағат 35 минут 25 секундта аяқтап, екінші нәтиже көрсетті. Алтын медаль Қытай спортшысы Ян Люцзинге бұйырды. Ол 1 сағат 33 минут 40 секунд көрсеткішпен мәреге бірінші болып жетті.

Қола жүлдені де Қытай құрамасының өкілі Юньянь Цзян иеленді. Оның нәтижесі – 1 сағат 35 минут 26 секунд.

Бұл бәсекеде Қазақстан атынан тағы бір спортшы Эльмира Калимуллина өнер көрсетті. Ол 1 сағат 43 минут 21 секунд нәтиже көрсетіп, жарысты алтыншы орынмен аяқтады.

Кристина Морозованың күміс жүлдесі Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы медаль қорын толықтырды. Жеңіл атлетика бағдарламасындағы жарыстар әлі де жалғасып жатыр. Алдағы сайыстарда қазақстандық спортшылар жүлде үшін бәсекеге түседі.

Yorumlar
Diğer Haberler