Украина Ресеймен келіссөздерде даулы мәселелердің қысқарғанын мәлімдеді

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xsFGRJepeJertvgDXJIjTDOxl0DY9vwxW5KNliMK.jpg

Украина сыртқы барлау қызметінің басшысы Рүстем Умеров Ресеймен арадағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Атап айтқанда, даулы мәселелердің саны ондаған тармақтан 1-2 негізгі мәселеге дейін азайды. Қазіргі таңда дәл осы мәселелер келіссөздердің басты тақырыбы болып отыр», – деді Умеров Axios порталына берген сұхбатында.

Бұған дейін Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Нью-Йоркте кездесуге келіскенін хабарлаған болатын.

Мәскеу Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта келіссөздердің кезекті кезеңін қазан айында өткізу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Мұндай форматтағы алдыңғы кездесу биыл ақпан айында Женевада өткен еді.

 

Yorumlar
Diğer Haberler