Өкілдер палатасы Иранға қарсы әскери әрекетті тоқтату қарарын қабылдады

58
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/n3rnYxZmTjebi0hapFjHCDZ3jbAzFmQzYGna5gRc.webp

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы президент Дональд Трамптан Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды тоқтатуды талап ететін қарарды қабылдады. Бұл туралы CNN жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Агенттік мәліметінше, бұл — аралық сайлауға бірнеше апта қалғанда әкімшіліктің қақтығысқа қатысты саясатына наразылық білдірген маңызды саяси қадам.

Өкілдер палатасы Трамптан Иранмен қақтығыс аймағынан әскерді шығаруды үшінші рет талап етіп отыр. Алайда демократтар бұл жолғы дауыс беруді ерекше маңызды деп санайды, өйткені қарар қарашадағы сайлау алдындағы төменгі палатаның соңғы шешімдерінің бірі болды.

Бастаманы жеті республикашыл конгрессмен қолдаған. Бұған дейінгі екі ұқсас қарарға Республикалық партияның тек төрт мүшесі ғана дауыс берген еді. Бұл жолы демократтарға бұрын қолдау көрсетпеген үш республикашыл – Марианнетт Миллер-Микс, Зак Нанн және Нэнси Мейс қосылған.

Ресми түрде Өкілдер палатасындағы республикашылдар басшылығы партияластарына мұндай қарарлар бойынша қалай дауыс беру керектігін міндеттемейді. Дегенмен, Дональд Трамп бұл мәселеде өзіне қарсы дауыс берген республикашылдарды бірнеше рет қатаң сынға алған еді.

Сонымен қатар АҚШ Өкілдер палатасы Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы ұсынысты қарауға жіберуге қарсы дауыс берген. Қарарды кейінге қалдыруды 232 конгрессмен қолдаса, 147 депутат қарсы шыққан. Тағы 46 демократ дауыс беруден қалыс қалған.

Бастама авторы – Техас штатынан сайланған демократ конгрессмен Эл Грин. Ол Дональд Трампты иммиграциялық қызметтерді басқару кезінде азаматтық бостандықтарды бұзды деп айыптап отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler