Дрон жауған заманда. Қауіптенген Путин "Валдай" конференциясын Сочиде өткізбейтін болды

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресей президенті Владимир Путин жыл сайын өтетін «Валдай» халықаралық пікірталас клубының конференциясын Сочиде өткізуден бас тартқан, деп хабарлайды "Адырна".

Іс-шара Украина ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуыл қаупіне байланысты Мәскеу маңына көшірілген. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, конференцияны өткізу орнын Мәскеу маңына ауыстыру туралы шешімді Ресей президентінің қауіпсіздік қызметі ұсынған.

Владимир Путин Сочиге 2025 жылғы қазан айынан бері бармаған. Соңғы уақытта Ресей президенті Украина ұшқышсыз ұшу аппараттарының жету аймағындағы қалаларға сапарларын жиілетпей жүр.

«Валдай» халықаралық пікірталас клубының жыл сайынғы конференциясы дәстүрлі түрде Сочиде өткізіліп келген. Биылғы іс-шараның нақты өтетін орны мен бағдарламасына қатысты қосымша мәліметтер жарияланған жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler