Алтын-Емелден Іле-Балқашқа 30 құлан жіберілді

183
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bnLZHhF5fpViDqkMYUS0plytizWkleJvVNvn9Hk5.jpg

Фото: Қазақ орманы

Құлан популяциясын сақтау және оның таралу аймағын кеңейту мақсатында Алтын-Емел ұлттық табиғи паркінен Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына 30 құлан көшірілді, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, жануарларды тасымалдау және жаңа мекеніне бейімдеу бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді. 

 Алдағы уақытта құландардың жағдайы мен табиғи ортаға бейімделуін мамандар бақылауда ұстайды. Көшіру жұмыстарына орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, «Охотзоопром» ӨБ, Алтын-Емел ұлттық паркі мен Іле-Балқаш резерватының мамандары қатысты.

Бұл шара құланның табиғи популяциясын қалпына келтіріп, таралу аумағын кеңейтуге бағытталған.

 

Yorumlar
Diğer Haberler