Тұтқындар оқушылардың қарызын өтеуге ақша жинады

194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qEPYTWzEkDIjCE3V87IXa38tOh9FjnCtUKDWaVTn.jpg

АҚШ-тың Канзас штатында жазасын өтеп жатқандар оқушылардың асханадағы қарызын төлеуге ақша жинады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Norton Community Schools мектеп округінің оқу жылы соңындағы қарызы шамамен 6 мың доллар болған. Қаржылық қиындыққа тап болған кейбір отбасылар балаларының таңғы және түскі ас ақысын толық төлей алмаған.

Қайырымдылық шарасын Reaching Out From Within бағдарламасына қатысушы сотталғандар ұйымдастырған. Бағдарлама жазасын өтеушілердің мінез-құлқын өзгертіп, қоғамға пайдалы істер жасауына бағытталған.

Олар 3810 доллар жинаған. Бұған қоса, мекеме қызметкерлері 457 доллар қосып, жалпы қайырымдылық көлемі 4267 долларға жеткен.

Жиналған қаражат мектеп округіне берілді. Бұл қаржы оқушылардың толыққанды тамақтануын жалғастыруға жұмсалады.

Мектеп округінің басшысы Кори Рой бұл бастама тек қаржылай көмек емес, сонымен қатар сотталғандарға жасаған игі істерінің нәтижесін көруге мүмкіндік бергенін атап өтті

Yorumlar
Diğer Haberler