Трамп Айды АҚШ-қа тиесілі деп жариялады

62
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AVb7qDgT7yKfOW5nOzFvCYufqHJypsYbsqx2WI8D.webp
АҚШ президенті Дональд Трамп Айдың Америка Құрама Штаттарына тиесілі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Ол Truth Social әлеуметтік желісінде Айдың суретін жариялады. Суретте АҚШ туы бейнеленіп, «Ай біздікі» (The Moon is ours) деген жазу орналастырылған.


Өткен жылы Трамп АҚШ 2028 жылға қарай адамды қайтадан Айға жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Оның сөзінше, бұл «АҚШ-тың ғарыштағы көшбасшылығын бекітуге», сондай-ақ Айдағы экономикалық дамудың негізін қалап, Марсқа ұшуға дайындалуға мүмкіндік береді.

Трамптың айтуынша, 2030 жылға қарай АҚШ Айда тұрақты форпост құруды, сондай-ақ онда ядролық реактор орналастыруды жоспарлап отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler