Қасіретті Ашаршылық жайлы жазған Валерий Михайловқа І дәрежелі «Барыс» ордені берілді

147
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oxZUdGwAwmwWQK4rvgCbsYeCUq5X5atqBoUWL5eh.jpg

Жазушы Валерий Михайлов І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл туралы бүгін, 7 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды»,–делінген хабарламада.

Валерий Михайлов 1946 жылы 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қазақ политехникалық институтының геофизика факультетін бітірген.

Әр жылдары республикалық газеттерде жұмыс істеген. «Казахстанская правда», «Простор» газеттерінде бас редактор болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметін атқарған. Ол Дүкенбай Досжановтың, Бекқожа Мұқайдың және тағы басқа қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.

«Хроника великого джута» деректі повесі (1990, 1996), бірқатар очерктер жинағы, «Прямая речь» (1983), «Весть» (1994), «Немерцающий свет» (1996), «Ограда» (1999), «Молитвенный дым» (2003), «Колыбельная из-под небес» , «Молчун-трава», «Золотая дремота» (2005), «Пыльца», «Годовая свеча» (2006), «Русский хаос» (2007), «Паслён», «Тысячелетие другое», «Угол сердца» (2008) өлеңдер жинағы жарық көрген.

Ашаршылық туралы "Ұлы жұт жазбалары" деген деректі шығармасы қазақ тіліне аударылған. 15 шақты мәрте қайтара басылып шыққан. Жазушы Валерий Михаилов биыл қараша айында 80 жасқа толады. 

 

Yorumlar
Diğer Haberler