Украинадағы соғыстың бір күніндегі шығын есептелді

90
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1GqhsFNkQBy1QlV6XlEiqHgHgYZ4EeClfaI60X4t.webp

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс Украинаға күніне шамамен 450 миллион доллар шығын әкеледі, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы Украина СІМ Андрей Сибига айтты.

Министрдің сөзінше, қазір Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келіссөздер үдерісінде айтарлықтай ілгерілеу жоқ.

Министр Украина соғысты тоқтатуға дайын екенін және шартсыз бітімге келуді қолдайтынын айтты. Киев қазіргі майдан шебінде атысты тоқтатуды ұсынған.

Сондай-ақ Украина президенттер деңгейінде кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Министрдің сөзінше, соғысты тоқтатуда дипломатиялық күш-жігерді арттыру қажет.

Сонымен бірге Киев Украина аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін кез келген ұсынысты қабылдамайтынын атап өтті.

Министр Сибига жақын уақытта АҚШ президентінің арнайы өкілдері Украинаға келетінін хабарлады. Оның айтуынша, америкалық тарап Украинаға жаңа ұсыныстар пакетін ұсынған. Қазір Киев бұл бастамаларды АҚШ өкілдерімен бірге талқылап жатыр.

«Украина бейбітшілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкіндікті пайдалануда», – деді Андрей Сибига.

Yorumlar
Diğer Haberler