Астанада ұсталған профессор ісі. Қазақстан Өзбекстанға ресми хабарлама жіберді

171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bl4UdLvDrcY5FLD7EBsmdwZfwHytKpkCyApLl6ka.jpg

Қазақстан Өзбекстан тарапына Астанада тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған Өзбекстан азаматы, профессор Икболжон Карабоевқа қатысты іс жөнінде дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабарлаған, деп жазады "Адырна".

Бұл туралы ҚазТАГ редакциясы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінне сауал жолдаған.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өзбекстан тарапы дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабардар етілді», – деп хабарлады ҰҚК.

Бірнеше күн бұрын Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген Өзбекстан профессоры Икболжон Карабоевтың Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен ұсталғаны хабарланған.

Қазір оның ісіне қатысты тергеу материалдары жария етілмейді.

Yorumlar
Diğer Haberler