Олимпиадаға баратын спорт делегациясының құрамы енді нормативпен белгіленеді

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/30tWJvE4hfhAmzZO0JKIoCWT7vpa6MLxtQCYp02s.jpg

Қазақстандық спортшылардың Олимпиада, Азия ойындары және басқа да халықаралық жарыстарға баратын делегация құрамын жасақтау тәртібі өзгерді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бас аудитор Әлихан Смайылов айтты.  

Енді делегациядағы жаттықтырушылар, медициналық мамандар, штаб қызметкерлері мен ресми өкілдердің саны арнайы нормативке сәйкес айқындалады. Бұл өзгеріс Токио олимпиадасына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына жүргізілген аудит нәтижесінде енгізілді. Тексеру барысында спорт делегацияларының құрамын қалыптастырудың бірыңғай тәртібі болмағаны анықталған.

Атап айтқанда, бір спортшыға қанша жаттықтырушы, дәрігер, массажшы, психолог немесе басқа да маман ілесуі керектігі нақты белгіленбеген. Сондай-ақ делегация құрамындағы штаб қызметкерлері мен ресми өкілдердің іссапар шығындарын негіздеудің бірыңғай өлшемдері болмаған.

Осыған байланысты Бас аудитор Әлихан Смайылов спорт министрлігіне халықаралық жарыстарға баратын делегация құрамын реттейтін норматив әзірлеуді тапсырған.

Нәтижесінде спортшылар санына қарай жаттықтырушылардың, клиникалық-ғылыми топ мамандарының, штаб қызметкерлері мен ресми тұлғалардың саны белгіленетін талап бекітілді.

Жаңа тәртіп бойынша делегация құрамында спортшының дайындығы мен денсаулығына тікелей жауап беретін мамандарға басымдық беріледі. Негізгі құрамға жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлер кіреді.

Yorumlar
Diğer Haberler