Ресейлік диқандар қазір арзанға болса да астықтарын сатуға жанталасуда. Бұл біздің диқандар үшін жақсы емес-ау...

169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tI0uU9k5Fo0vkZMrlLL1qTZKeULWTxzPwHHSdrDc.jpg

Украинаның ресейлік астық терминалдарына жасаған соққылары Ресейдегі астық бағасын арзандатуда. Бидай, арпа, сұлы бағасы арзандап кетті.

Кей аймақта баға тіпті 20 пайызға құлдыраған. Киев соққыларды арттырса, Ресейдегі астық бағасы төмендей бермек. Өйткені астықты сыртқа сату мүмкіндігі азаяды (порттар соққы астында қалуда), ал диқандар өнімді жылдам сатуға тырысатын болады.

Қазірдің өзінде қамбалар толы. Сол үшін ресейлік диқандар қазір арзанға болса да астықтарын сатуға жанталасуда. 

Бұл біздің диқандар үшін жақсы емес-ау. Себебі арзан ресейлік астық біздің нарыққа көбірек кіруі мүмкін. Орталық Азияда біздің астыққа арзан ресейлік астық балама болмақ.

Ashat Kasengali

Yorumlar
Diğer Haberler