"Туған жердің тасы қымбат гауһардан!" Ақынның қайда жерленетіні хабарланды

76
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PrMIwPyW8ENfMi5TzGh9ugX04z4LLPsidFEXjdST.jpg

Қазақтың айтыс өнері, журналистикасы мен әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, сазгер, журналист-жазушы Бекжан Әшірбаевпен қоштасу рәсімі 17 тамызда өтеді, деп хабарлайды «Адырна».

Бекжан Әшірбаевпен қоштасу рәсімі 17 тамыз, дүйсенбі күні сағат 10:00-де Қазақстан Жазушылар одағында өтеді.

Қаламгердің денесі туған жері – Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жеткізіліп, сол жерде жерленеді.

Бекжан Әшірбаев 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Жастайынан өлең өнеріне қызығып, 1989 жылдан бастап республикалық ақындар айтысына қатысқан. Айтыс сахнасында байыпты ойы, ұтқыр сөзі және өзіндік мақамымен танылды.

 Кеудемді кеміріп ой жейді,
Уақыттың ұраны: «Тез, үлгер!».
Адамдар тістеніп сөйлейді,
Күстеніп барады сезімдер.
Оп-оңай жиналар жоқ бедел,
Лүпілге тәуелді сайт-сана.
Бір себеп табамыз өкпелер,
«Сағатың қате» деп айтса да,- деп жазған еді ақын.

Ол тағы бір өлеңінде;

Бұлбұл құстың әнін тыңдап баулардан,

Қайсар рухты алдым мұздақ таулардан.

Сағынышым барда тұрар жарқырап,

Туған жердің тасы қымбат гауһардан! - деп жырлаған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler