«Сергек» енді жол ережесін бұзған самокатшыларды да анықтайды

282
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/slCqlfNtqZBbfsSFZX9Mb0CjuTXEv2tUZu1Uk3Bg.jpg

Алматыдағы «Сергек» камералары енді жол ережесін бұзған самокатшыларды да бақылауға алады. Бұл туралы бүгін, 10 тамызда қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол заңнамаға енгізілген жаңа талаптардан кейін электросамокаттар толыққанды көлік құралы ретінде танылып, оларды пайдаланушылар мен кикшеринг компанияларына тиісті міндеттер жүктелгенін жеткізді.

«Дайындық кезеңінде қаладағы жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қолданылатын автоматтандырылған жүйелермен, соның ішінде «Сергек» жүйесімен белсенді жұмыс жүргізілді. Қазір кикшеринг компанияларының деректерін полицияның ақпараттық базасымен интеграциялау жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде «Сергек» электросамокат жүргізушілері жасаған құқық бұзушылықтарды анықтайтын болады»,– деді Салтанат Әзірбек.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта кикшеринг компанияларының деректерін полицияның ақпараттық базасымен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ ПД ресми өкілі 2026 жылдың басынан бері 18 мыңнан астам электросамокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Еске салайық, 25 тамыздан бастап Алматыда электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler