«Әділет» штабының Абай облысындағы жұмыс сапары ұлы ойшылдың ескерткішінен басталды

198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/StPdXG6M1qV6BuRNIzviuBxxMxtr3jF8ZsX4NOAS.jpg

«Әділет» партиясының кандидаттары Абай облысындағы сапарының басында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайдың Семейдегі ескреткішіне гүл шоқтарын қойды. Абай күнінде олар ақынға тағзым ете отырып, қала тұрғындарымен бірге оның ең әдемі әндерінің бірі – «Көзімнің қарасын» бірге шырқады.

Абайдың мұрасы әлі күнге дейін ілім, білім мен адам дамуының негізгі өзегі болып қалып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та білімді, ойшыл және жауапты ұрпақ өсіру туралы көп айта келе, кітап, қоғамды ағарту мен оны интеллектуалды тұрғыдан дамытуға көп көңіл бөледі.

Интеллектуалды қоғам қалыптастыру идеясы партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан. Бағдарламада кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапты насихаттау және азаматтардың білімге де құштарлығын оятуға ерекше көңіл бөлінген.

«Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз құттықтауында да «Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеяларды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз», - деді. Оның білім, еңбек, жауапкершілік, бірлік пен келісім туралы идеяларының бүгінгі мәні ерекше. «Әділет» партиясы Президенттің басты бағыттарын қолдау үшін арнайы құрылған. Сондықтан біз Президенттің барлық бастамаларын қолдаймыз және оны күшейтеміз. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы үйлесімді қоғамның негізі деп атаған «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттары біздің сайлауалды бағдарламамыздың да негізіне алынған. Біздің міндетіміз – бұл бағытты нақты шешімдермен бекітіп, өзгерістердің нәтижесін әрбір азамат сезінетіндей ету. Әділеттілік, заң мен тәртіп, адал еңбек, жауапкершілік және ұлттық бірлік арқылы Әділетті, Күшті және Прогрессивті Қазақстанды құрамыз», - деді Айбек Дәдебай.

Ақынның білім мен ілім туралы идеясына қатысты Абай ескерткішінің жанында әңгіме XXI ғасырдағы сауатты адам, яғни, білімді, ақпаратпен жұмыс істей алатын және жаңа технологияларды игерген адамның болмысына қатысты ойлармен жалғасты.

Осы кездесудегі ең әсерлі сәт – «Көзімнің қарасы»әні шырқалған кез еді. Өйткені, Семейдің 300 тұрғыны «Әділет» партиясының кандидаттарымен бірге алдын ала дайындалмай-ақ әр қазақ сөзін жатқан білетін Абайдың осы әнін шырқап шықты.

Кездесуге келген облыс тұрғындарының бірі «Әділет» партиясының сапары Абай күнімен тұспа-тұс келгені және кездесу ұлы ақынның ескерткішіне тағзым етуден басталғаны маңызды екенін айтқан. Оның сөзінше, тұрғындар облыстың Абай атымен аталғанына ерекше қуанып, оны мақтан тұтады.

«Облысымыздың Абай облысы атанғаны біз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан, кандидаттардың Абай күнінде облысымызға келгені және бірден оның аруағына тағзым еткені ерекше қуантады. Ал, бәріміз бірге «Көзімнің қарасы» әнін шырқай бастағанда, жүрегіміз елжіреп кетті», - деді Абай облысының тұрғыны.

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабының Абай облысындағы сапары осындайәсерлі сәттен басталды. Кандидаттар енді аймақтың жұртшылығымен кездесіп, бірнеше кездесу өткізеді. 

Дайындаған:  

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Yorumlar
Diğer Haberler