Нұрай Серікбай ісі. Сарапшы пышақ жарақаттарына баға берді

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nsOA6KXttt08gawx7cYPB6jKR7gwto9GSYfkzh0g.webp

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сотта сот-медициналық сарапшы марқұмға салынған пышақ жарақаттарына қатысты түсініктеме берді.

«Жетінші арна» мәліметінше, кезекті сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймаханның мамыр айында тергеу изоляторында берген жауабы жазылған бейнематериал көрсетілді. Онда ол Нұрай Серікбайға қанша рет пышақ жарақатын салғанын айтқан.

Айыпталушының сөзінше, ол марқұмға 7-8 рет пышақ сұққанын айтқан. Алайда болған оқиғаның барлық мән-жайын толық есіне түсіре алмағанын мәлімдеген.

Сотта сот-медициналық сарапшы Жанболат Пернебеков марқұмның денесіндегі жарақаттарға кәсіби баға берді. Оның айтуынша, ең ауыр жарақаттар кеуде және іш қуысына өткен.

«Барлық жарақат кеуде және іш қуысына өтіп, ішкі ағзаларды зақымдаған. Жалпы сегіз жарақат ішке өткен. Алайда қорытындыда жарақат саны сегізден көп көрсетілген. Себебі мойын мен қан тамырларындағы зақымдар мойын бұлшықеттерінің жарақатына жатады. Жарақаттардың тереңдігін ескерсек, олардың өте қатты күшпен салынғанын айтуға болады», – деді сарапшы.

Сот 19 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарын зерттеуді аяқтаған. Сот жарыссөзі 11 тамызға белгіленді.

Еске салайық, қайғылы оқиға 11 қаңтарда Шымкентте болған. Шерхан Аймаханға адам өлтіру, қудалау (сталкинг) және некеге мәжбүрлеу баптары бойынша айып тағылған.

Yorumlar
Diğer Haberler