Халықаралық іздеуде болған қазақстандық блогер ұсталды

210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iPG5Rbh7Wry3jWpTOzPO7AAOJOTLSbQzlxk798Oe.webp

Халықаралық іздеуде болған қазақстандық азамат Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады. Ведомство мәліметінше, экстрадиция Бас прокуратура мен қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері және Қазақстанның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған.

Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті биылғы маусым айында ішкі істер министрлігі Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Вьетнам аумағында ұсталған. Кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланып, елге жеткізілді.

Қазір күдіктіге қатысты тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler