Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды

131
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6cmaG0h6lPpiHZO39NF8f97iHYLfThq1tA374UQi.jpg

Ресей билігі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы елдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығының мәліметінше, Telegram әкімшілігі Украина арнайы қызметтері, террористік және экстремистік ұйымдар белсенді пайдаланған көптеген арна, чаттар мен боттарды жоймаған деген күдікке ілінген.

Ресей қауіпсіздік органдарының пікірінше, аталған ресурстар ел аумағында террористік актілерді дайындауға және кибералаяқтық әрекеттерді жүзеге асыруға ықпал еткен. Мұндай әрекеттердің салдарынан көптеген адам, соның ішінде әйелдер мен балалар зардап шеккен.

Ресей Тергеу комитеті Telegram-дағы «Дайвинчик/Leo» чат-боты арқылы жасөспірімдерді терроризм мен диверсиялық әрекеттерге тарту фактілері бойынша қылмыстық істерді де тергеп жатқанын хабарлады. ФҚҚ дерегіне сәйкес, бір жыл ішінде бұл бот арқылы қылмыстық әрекеттерге 12 мен 22 жас аралығындағы 46 ресейлік тартылған.

Ақпан айында Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары Павел Дуровқа қатысты терроризмге жәрдемдесу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Өз кезегінде Павел Дуров бұл істің саяси астары бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, билік өкілдері ресейліктердің Telegram-ға қолжетімділігін шектеу үшін түрлі сылтау іздеген.

Yorumlar
Diğer Haberler