Көлік жуу орнында жұмысшыны тоқ соқты

185
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bOUfEfwV1HD9hNQb7IevXCmHxMcGgJtZPAXcM4g9.jpg

Көкшетауда автокөлік жуу орнының аумағында 18 жастағы жұмысшы электр тоғынан көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Тағы бір кәмелетке толмаған жұмысшы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, металл конструкциясын бөлшектеу кезінде жұмысшылар абайсызда электр беру желісіне тиіп кеткен. Салдарынан 18 жастағы жігіт оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды.

Зардап шеккен жасөспірім жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне тікелей қауіп жоқ.

«Науқастың жағдайы тұрақты. Өміріне тікелей қауіп төніп тұрған жоқ. Ол бірнеше сағат жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болды. Қазір толық көлемде медициналық көмек алып жатыр», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler