Әлем чемпионаты. Мбаппе гол саны бойынша Мессидің рекордын жаңартты

203
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IYrUEvd4WSK6X2oXzbZkzp932PQNzBi76JsmN1hu.jpg

Фото: АР

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергендер көшін бастап, Аргентина капитаны Лионель Мессиді басып озды, деп хабарлайды "Адырна".

Үшінші орын үшін өткен Англияға қарсы кездесуде француз форварды екі мәрте мергендік танытты. Соның нәтижесінде Мбаппенің әлем чемпионаттарындағы жалпы гол саны 22-ге жетіп, Мессидің 21 голдық көрсеткішінен асып түсті.

Дегенмен бұл рекорд ұзаққа созылмауы мүмкін. Бүгін 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина Испаниямен кездеседі. Егер Лионель Месси сол ойында гол соқса, әлем чемпионаттарының үздік сұрмергені атағын қайта өзіне қайтара алады.

Айта кетейік, үшінші орын үшін өтетін матчтардың турнирлік маңызы жөнінде пікірталастар жиі айтылады. Франция бұл кездесуге жартылай финалда Испаниядан 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін жолдама алған болатын. Плей-оффтың басқа кезеңдерінде жеңілген командалар турнирмен қоштасса, жартылай финалда ұтылған құрамалар қола жүлдені сарапқа салатын қосымша матч өткізеді.

Сонымен қатар, Мбаппе 1970 жылдан бері бір әлем чемпионатында 10 гол соққан алғашқы футболшы ретінде де тарихқа енді. Бұған дейін мұндай көрсеткішке Германияның аңыз ойыншысы Герд Мюллер ғана қол жеткізген еді. Осылайша, француз шабуылшысы бір матчтың өзінде екі тарихи межені бағындырды.

Yorumlar
Diğer Haberler