Қазақстанға атақты рэпер Канье Уэст келмек

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RoFTfbxyTp12t8E7u1natJBfNSQE0mVOWMIWYjOG.webp

Америкалық рэпер әрі продюсер Канье Уэсттің Қазақстанда концерт өткізуі мүмкін. Бұл жаңалықты әншінің продюсері Джозеф Карре өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Алдын ала дерек бойынша, концерт 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматының орталық стадионында өтуі мүмкін. 

Сонымен қатар, жарияланған ақпаратта концерт билеттері 20 шілдеден бастап сатылымға шығатыны хабарланған. Ал Ticketon.kz сайтында билет бағасы 120 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін болатыны көрсетіліп отыр. 

Айта кетейік, 2025 жылдың 10 тамызында Алматының Орталық стадионында әлемге танымал жұлдыз Дженнифер Лопес ән салған болатын. 

Одан соң Алматыға әлемдік поп-мәдениет аңыздарына айналған топ Backstreet Boys та келген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler