Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

52
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RQ4U8BQ4a9VWHxF1BRh84NXdSIBLRkxyoFW3iNK0.webp

Үкімет қаулысымен Елдар Қонысбайұлы Күзенбаев Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Үкіметтің мәліметінше, ол бұл тағайындауға дейін, 2026 жылдың наурыз айынан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Елдар Күзенбаев 1982 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысы соттар әкімшісінде жетекші маман ретінде бастаған. Кейін сот орындаушысы, әділет органдарындағы бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Әр жылдары Ұзынкөл және Сарыкөл аудандарында, сондай-ақ Арқалық қаласында әкім болды.

Сондай-ақ Қостанай облыстық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қостанай облысы әкімінің аппаратының басшысы, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерінде жұмыс істеген.

 

Yorumlar
Diğer Haberler