АҚШ соққылары. Иранда кемінде 30 бейбіт тұрғын қаза тапқан

181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C0T7mvQjDkHNRqtozyy2pGLqj0JYoxrn52Ux0D40.jpg

АҚШ-тың Иранның оңтүстік аймақтарына жасаған әуе соққылары салдарынан кемінде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Иран үкіметінің ресми өкілі Фатеме Мохаджерани айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Соңғы бірнеше күнде Иранның оңтүстік бөлігіне жасалған шабуылдар нәтижесінде 30-дан астам бейбіт тұрғын көз жұмды», – деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Кейінірек соққылар салдарынан жеті әскери қызметкердің қаза тапқаны хабарланды.

«АҚШ әскерінің шабуылы кезінде Ираншахрдағы 388-бригаданың жеті қызметкері мен мерзімді әскери қызметшісі қаза тапты», – делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты Иранның мемлекеттік телерадио компаниясы таратты. Сондай-ақ Иран әскери күштері АҚШ-тың сәрсенбі күні таңертең Иранның оңтүстік-шығысындағы Бемпур ауданында орналасқан әскери нысандарға 13 зымыран ұшырғанын мәлімдеді.

11 шілдеде Иран Денсаулық сақтау министрлігі кемінде 17 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатын. Ал 15 шілдеде зардап шеккендер саны 260 адамға жеткені мәлім болды.

«Елімізге қарсы әскери шиеленістің жаңа толқыны басталғалы бері 260-тан астам адам жарақат алды. Олардың үшеуі – әйел, алтауы – 18 жасқа толмағандар», – деп жазды Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Хосейн Керманпур X әлеуметтік желісінде.

Ол қаза тапқандар саны бойынша жаңартылған мәлімет ұсынған жоқ.

8 шілдеден бастап АҚШ әскері Иранға қарсы бірнеше рет әуе шабуылдарын жасаған еді. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл әрекеттерді Ормұз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге қатысты Иранның іс-қимылдарына жауап ретінде жүргізілгенін мәлімдеген. Өз кезегінде Иран әскері Таяу Шығыстағы бірқатар елде орналасқан АҚШ әскери базаларына соққы берген болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler