Әлем чемпионаты. Егіліп жылаған Роналду үйге қайтады

121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7bMqShbtUZJroAdVnmIWiKBEcTkAyV39lM3CnAl1.webp

Португалия құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан жеңілді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Есеп 0:1 болды.

Кездесудегі жалғыз голды матчтың соңғы минуттарында алаңға шыққан испаниялық Микель Мерино соқты.

Дегенмен, 1/8 финалында танымал спортшы, Португалия капитаны Криштиану Роналду көз жасына ерік берді. Ол жеңілгеннен кейін қарсыласын голымен құттықтап, кейін алаңда жылаған. 

Айта кетейік, бұған дейін футболшы Роналду бұл ойын оның соңғы чемпионаты екенін айтқан. Алайда ол ұлттық құрамамен қоштасатынын әлі ресми хабарлаған жоқ.

41 жастағы шабуылшы әлем чемпионаттарына алты рет қатысып, осы көрсеткіш бойынша тек Лионель Мессимен теңесті. Сонымен қатар, Роналду әлем чемпионаттарының алтауында да гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанған.

2026 жылғы турнирде ол үш голдың авторы болды. Екеуін - Өзбекстан қақпасына, біреуін Хорватияға қарсы матчта соқты.

Yorumlar
Diğer Haberler