Араға 88 жыл салып. Швейцария алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті

220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dEEuGBBcYkW1kRuPZSQ7wTkLpxO4vpBh2ZPXO1DI.jpg

Швейцария құрамасы 2026 жылғы 3 шілдеде өткен матчта Алжир құрамасын жеңіп, футболдан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама үшін күресуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды "Адырна".

Канададағы Ванкувер қаласында өткен кездесу 2:0 есебімен швейцариялықтардың пайдасына аяқталды. Голдардың авторлары Бриль Эмболо мен Дан Ндойе болды.

Енді Швейцария құрамасы ширек финал жолдамасы үшін Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Швейцария құрамасы 1938 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті.

Yorumlar
Diğer Haberler