Бейжіңдегі кездесу. Си Цзиньпин Лукашенкомен кездесіп, екіжақты байланысты талқылады

375
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nKIVsgOIoeOf0UOoESTyJwVVJTqjLW3i0YxTWPnu.jpg

29 маусымда Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кездесу «Дяоюйтай» мемлекеттік резиденциясында өткен.

«Біздің қарым-қатынасымыз халықаралық тұрақсыздық сынағынан сүрінбей өтті, ал достығымыз одан әрі нығая түсті. Ынтымақтастығымыз жан-жақты сипатқа ие, заман талабына сай дамып келеді және үнемі жаңа нәтижелер беруде», – деді Си Цзиньпин.

Ол қазіргі уақытта Бейжің мен Минск арасындағы байланыстар ең жоғары деңгейге көтерілгенін атап өтіп, стратегиялық өзара іс-қимылды одан әрі қолдауға шақырды.

Лукашенконың баспасөз қызметіне жақын «Пул Первого» Telegram арнасының мәліметінше, келіссөздерден кейін екі ел басшысы дәстүрлі отбасылық түскі ас үстінде бейресми түрде пікір алмасуды жалғастырады.

Еске салайық, Беларусь президенті 26 маусымда Ресейге жасаған жұмыс сапарынан кейін бірден Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріне аттанған еді. Соңғы рет Александр Лукашенко Бейжіңге 2025 жылдың қыркүйегінде барған. Сол кезде ол әскери парад пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысқан болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler