Төрт айдан соң. Шайдоровқа Олимпиададағы жеңісі үшін сыйақы төленді

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lvniOVXfp6WZQPQYcx7NVNJcKCPJfXh4nMdlf892.webp

Үкімет қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоровқа және үздік алтылыққа енген конькиші Надежда Морозоваға ақшалай сыйақы төлеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құжатқа сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына арналған қаражат бөлінді. Жалпы сыйақы екі спортшы мен бес жаттықтырушыға берілді. Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындалды. Бұл шамамен 122,3 миллион теңгені құрайды. Ал қысқы ойындарда үздік алты спортшының қатарына енген Надежда Морозова 5 мың доллар немесе шамамен 2,5 миллион теңге алады.

Бұдан бөлек, Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан да қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер оларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер беруі тиіс.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылдың 14 ақпанында Қазақстан тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған.

Yorumlar
Diğer Haberler