Атырауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны соққыға жыққан

150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EVXNDpT3sr2Ca3FFynzvt3Flw91AytvNtWku1wS4.jpg

Атырауда 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

30 мамыр күні қала тұрғыны құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Әйелдің айтуынша, бір топ жасөспірім оның ұлын пәтерге алдап кіргізген. Оның сөзінше, оқушыны заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы соққыға жыққан.

«Құқық бұзушылыққа қатысы бар 15-16 жастағы барлық жасөспірім анықталды. Олар заңды өкілдерімен бірге полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды», – делінген хабарламада.

Жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынып, іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жолданады.

Сондай-ақ ата-аналар балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бап бойынша 10 АЕК  43 250 теңге - ред.) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Yorumlar
Diğer Haberler