Путиннің Қытайға жасаған сапары аяқталды. 42 құжатқа қол қойылды

170
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LjkeGlH2yajBXA11NUE3PsrQ300U5hwVGL4ITIeh.jpg

20 мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің Қытайға жасаған екі күндік сапары аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Әуежайда құрмет қарауылының сарбаздары сап түзеп тұрды. Сонымен қатар Ресей президентін шығарып салуға мектеп оқушылары да келді. Олар Ресей мен Қытайдың туларын желбіретіп, «Ізгі тілекпен шығарып саламыз!» деп айқайлады.

Путин 19 мамыр күні Қытайға ресми сапармен барған еді. Сәрсенбі күні екі ел көшбасшысының қатысуымен Ресей-Қытай келіссөздері өтті. Кездесу қорытындысы бойынша 42 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде екі елдің жан-жақты әріптестігі мен стратегиялық ықпалдастығын одан әрі нығайту, сондай-ақ тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме бар.

Бұдан бөлек, Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бір шыны шай үстінде халықаралық өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Ресей президенті қытайлық инженер Пэн Паймен кездесті. Путин оны 2000 жылы Қытайға алғашқы сапары кезінде, ол әлі бала болған кезде көрген еді.

Си Цзиньпин Ресей көшбасшысының Аспан асты еліне жасаған сапарын өте нәтижелі әрі табысты деп бағалады.

Yorumlar
Diğer Haberler