Қазақстандық жүргізушілер кептелісте қанша уақытын жоғалтады?

192
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/967Yqk9vqeqX6pBYVIHXAqRdzNrBvmmcpxmugKe1.jpg

Фото: Tribunakz

Қазақстандықтар жолдағы кептелістерде барған сайын көп уақыт жоғалтып жүр. Ірі қалалар тұрғындары күн сайын жолда шамамен 36 минут тұрып қалады. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы Numbeo аналитиктері жариялады.

Сарапшылардың мәліметінше, соңғы жылдары қазақстандықтардың жолдағы уақыты 7 минутқа артқан. Ең төмен көрсеткіштер 2017 жылы тіркелген.

Алғашқы айтарлықтай өсім 2021 жылы байқалды — сол кезде кептелісте өткізілетін уақыт бірден 5 минутқа ұлғайған. Содан бері жолдағы жағдай біртіндеп нашарлап келеді.

Мамандар Қазақстандағы кептелістердің басты себебі ретінде халық санының өсуіне сәйкес келмейтін жол инфрақұрылымын атайды.

Жол кептелісі бойынша көшбасшы ел — Нигерия, онда жүргізушілер жолда бір сағаттан астам уақытын жоғалтады. Швейцария мен Грузияда да бұл көрсеткішке жуық деңгей тіркелген. Ал ең еркін қозғалыс Нидерланд, Эстония және Исландияда байқалады.

Yorumlar
Diğer Haberler