АҚШ пен Қытай Ормұз бұғазындағы еркін кеме қатынасын сақтауды қолдады

102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rAbBYFwShGIA0PWVt7Z5AKCYBtAwAG9tWtFpfkKN.jpg

Америка Құрама Штаттары пен Қытай Халық Республикасы Ормұз бұғазы арқылы еркін кеме қатынасын сақтаудың маңыздылығы жөнінде ортақ пікірге келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Voice of America таратқан ақпаратқа сәйкес, Ақ үй АҚШ пен Қытай лидерлерінің кездесуі барысында тараптар Ормұз бұғазының ашық болуын қолдағанын мәлімдеді. Келіссөздер кезінде Иран төңірегіндегі шиеленіс аясында бұғаздың әлемдік сауда үшін стратегиялық маңызы талқыланған.

Кездесуден кейін Си Цзиньпин Бейжің Ормұз бұғазын пайдалануға қандай да бір алымдар мен шектеулер енгізуге қарсы екенін айтты.

Алайда Ақ үй өкілдері Қытай Иранға қатысты қақтығысты реттеуге көмектесу жөніндегі міндеттемелер туралы ақпарат таратпады.

Yorumlar
Diğer Haberler