Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

196
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HnVXZB1uuTxUNCwAKpNl16QSbL2HGgKJDHa95F8L.jpg

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, сондай-ақ теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиында Көлік министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» және Turlov Private Holding жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдері тыңдалды.

Транзиттік жүк хабы ретінде Қытай – Қазақстан – Батыс Еуропа бағыты бойынша қолайлы жағдай жасау үшін әуе кемелерін кезең-кезеңімен шығаруды, бәсекелестік құны бойынша авиаотынмен қамтамасыз етуді қоса алғанда, операциялық қызметті жедел іске қосу мәселелері қаралды. Ілеспе инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде әуежай қуатын, жүк терминалдарын, қойма логистикасына назар аударылды.

Сонымен қатар Орталық Азия өңірінен Кавказға және Батыс Еуропа елдеріне тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қазақстандық «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттарын тиеу шаралары талқыланды.

Теміржол саласы бойынша өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ тарифтік саясатты жетілдіру үшін инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қазақстандық теміржол желісін дамыту жоспарлары айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

 

Yorumlar
Diğer Haberler