Қызылордада ««Айбыны асқақ, айбары мықты азат ел» атты салтанатты шара өтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fVFgOSsGLkWVmUC39LhNsV8bKqN14mk8H1QJUCUT.jpg

Бүгін «Өнер орталығында» 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Айбыны асқақ, айбары мықты азат ел» атты мерекелік шара өтті.

Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым, ғылым саласының қызметкерлері қатысты.



Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары ардагерлер мен әскери қызметкершілерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен, Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшымыз – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қазақ – даңқты тарихын ат тұяғымен жазған халық. Біз ұлан-ғайыр жерін жауға бастырмаған батыр елдің ұрпағымыз. Алапат соғыста жеңіске жеткен қаһарман ерлердің ізбасарымыз. Қазір еліміздің күштік құрылымдары Қазақстанның қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп тұр. Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы», – деген болатын.
Бүгінде Тәуелсіз мемлекетіміздің Қарулы Күштері ерлік пен батылдықтың озық үлгісін көрсетуде. Соның арқасында әскери қызметшілеріміз БҰҰ аясындағы түрлі бітімгерлік операцияларға қатысып, өздерінің кәсібилігі мен жоғары деңгейдегі жауынгерлік машығын дәлелдеп келеді. Бүгінде әскерилерді, құқық қорғау, азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлерін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға баса көңіл бөлінген.
Жалпыұлттық бірлік пен саяси тұрақтылықтың нәтижесінде елдің сырты жаудан, іші даудан аман болып, мемлекетіміз орнықты дамуда. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастамамыз сәтті жүзеге аса берсін. Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», - деді Данияр Еренғалиұлы.

Мерекеде Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев құттықтау сөз сөйледі. Отанға кәсіби біліктілігімен қалтқысыз қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер марапат төрінен көрінді.

Шара тыл ардагерлеріне гүл шоқтарын тарту ету рәсіміне, концерттік бағдарламаға ұласты.

Yorumlar
Diğer Haberler