Қазақстандық оқушылар халықаралық чемпионатта үздік нәтиже көрсетті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TZKyfgkFWcvlWjyzlb5hNcW1vYz998jizXFOqoUY.webp

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST Championship 2026 халықаралық чемпионатында Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды "Адырна"

336 команданың арасынан NIS Шымкент-Қаратау мектебінің «OVERTIME» командасы чемпион атанып, бірінші орынды иеленді. Ал NIS Астана-Нұра мектебінің «xCeption» және NIS Алматы-Медеу мектебінің «Panheya» командалары үшінші орындарға ие болды.

Үш команда да FIRST Tech Challenge санатында өнер көрсетті. Бұл бағытта оқушылар роботты өздері құрастырып, бағдарламалап, арнайы алаңда тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинады. Сонымен қатар командалар альянс құрып, стратегиялық шешімдер қабылдап, өз инженерлік жобаларын қазылар алқасына ұсынып, техникалық сапа мен инновация бойынша бағаланды.

Айта кетейік, FIRST Championship – робототехника мен инженерлік бағыттағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. Бұл алаң қатысушылардың тек техникалық дайындығын ғана емес, сыни ойлауын, командалық жұмысын және күрделі жағдайда шешім қабылдау қабілетін кешенді түрде бағалайды.

Yorumlar
Diğer Haberler