Мәскеуде қар жауып, күн суытты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iWNlC3t8tRpLBTGx8RT9nQI6OOvwXpsXb4dToM3r.png

Сәуір айының соңында Мәскеу қаласында күтпеген қар жауды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Euronews-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, мегаполисте қар қалыңдығы 12 сантиметрге дейін жеткен. Айта кетерлігі, 27 сәуір күні мұндай көлемде қар түсуі қала тарихында алғаш рет тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, ауа райының күрт суытуына Балтық циклондары себеп болған. Осыған байланысты қалада «қызғылт сары» деңгейдегі дауылды ескерту жарияланды. Алдағы күндері боран күшейіп, көктайғақ пайда болуы және құрғақ найзағай болуы мүмкін.

Қардың қалың түсуі салдарынан қала көшелерінде көлік қозғалысы қиындап, кей жерлерде ағаштар құлаған. Сонымен қатар, Мәскеу облысының бірқатар аудандары жарықсыз қалған. Қауіпсіздік мақсатында қаладағы көптеген саябақ жабылып, электросамокаттар мен велосипедтерді жалға беру уақытша тоқтатылды.

Yorumlar
Diğer Haberler