Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін ел алдында көрінді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xJ55zNen7PakMYJ7gQBAO3wDrb8oRaUhk4d5WrLr.webp

Қазақстанның экс-президенті Әлия Назарбаева ұзақ үзілістен кейін қайтадан көпшілік назарына ілікті. Бұл жолы ол келіні Аида Әлиевамен бірге өткен кездесуге қатысқан. Бұл туралы Politico.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Кездесуден түсірілген фотосуреттерді Нұрәлі Әлиевтің жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, кештің ерекше әсерлі өткенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл шара әйелдің өмір жолына арналған мазмұнды әрі мәнді кеш болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева 2026 жылдың 15 наурызында Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында өткен шарада Қайрат Боранбаевпен бірге көрінген еді.

Айта кетсек, Аида Әлиева – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Нұрәлінің жұбайы. Ал Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Алпысқызының кенже қызы Әлия Назарбаева төрт баланың анасы.

Yorumlar
Diğer Haberler