Израиль президенті сәуір айының соңында Қазақстанға келмек

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aMVn5lc2fGf7UaWdq2F0xb5hKPRXGZzAe4oDa7BE.jpg

Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогтың Қазақстанға сапары сәуір айының соңына дейін күтіледі. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімінде айтылған, деп хабарлайды “Адырна”.

«2026 жылғы 27-28 сәуірде Астана қаласында Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогтың Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

1. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен сапарды дайындау және өткізу бойынша хаттамалық-ұйымдастырушылық іс-шараларды, оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне және иврит тіліне ілеспе және дәйекті аударманы қамтамасыз етсін.

2. Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен сапар кезінде Израиль мемлекетінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне (бұдан әрі – ресми делегация басшысы мен мүшелері) қызмет көрсету бойынша ұйымдастырушылық шараларды қабылдасын», - делінген Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімінде.

Сондай-ақ, өкім мемлекеттік күзет қызметіне, көлік министрлігіне, ұлттық қауіпсіздік комитетіне және бірқатар басқа да мемлекеттік органдар мен құрылымдарға қатысты шараларды қамтиды.

Yorumlar
Diğer Haberler