Иран АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруға келісті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NkvAmhfHfZfnMZeHVLDUcBiM5RrDfLGuFYQlT27Q.webp

Иран билігі АҚШ-пен келіссөздерді жалғастыруға келісім берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы шетелдік БАҚ-қа сілтеп.

Мәліметке сәйкес, Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи келіссөз делегациясына АҚШ-пен диалогты жалғастыруға рұқсат берген.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранға берілген уақытша атысты тоқтату режимін тағы бір күнге ұзартқан еді. Ол Иран диалогтан бас тартқан жағдайда салдары болатынын ескерткен.

«Мен әділ келісім жасалып, Иран өз елін қайта қалпына келтіреді деп үміттенемін. Біз жұмысты аяқтаймыз, барлығы риза болады. Бірақ Иранда ядролық қару болмайды», – деген Трамп.

Қазіргі уақытта тараптар арасындағы келіссөздердің екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler