Назарбаевалар мен шенеуніктердің әйелдері. Елдегі бай әйелдердің тізімі жарияланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ya4gR8akr5TzF6dE6ab9Xm0IptzFY3EtBIaZ2wuk.jpg

Сәуір айындағы Forbes Women Kazakhstan журналы елдегі ең бай 25 әйелдің алғашқы рейтингін жариялады. Бұл рейтингте олардың жеке капиталы мен экономикадағы әйелдер капиталының құрылымы көрсетілген, деп хабарлайды “Адырна”.

Редакцияның бағалауынша, бизнесвумендердің 85–90%-ының байлығы отбасылық немесе серіктестік құрылымдармен байланысты. Мәселен, бірі экс-президенттің қызы болса, бірі шенеуніктің жұбайы.

Қатысушылардың жалпы капиталы шамамен 8,1 млрд долларды құрайды. Орташа байлық 324 млн доллар болғанымен, медианалық көрсеткіш 50 млн доллар деңгейінде — бұл тізімнің ерекшелігін, яғни капиталдың жоғарғы бөлікте шоғырланғанын көрсетеді. Жалпы байлықтың 67%-ы бір ғана қатысушыға тиесілі, ал топ-5 — 87%-ын құрайды. Қалғандарының капиталы көбіне 30 млн доллар мен 200 млн доллар аралығында. Орташа жас – 54 жас (2026 жылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша).

Рейтингтің сөзсіз көшбасшысы — Динара Құлыбаева(5,4 млрд доллар). Ол тек табысты кәсіпкер ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы. Оның байлығының негізі – ірі қаржы институттары мен жылжымайтын мүлік активтері. Күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге «АЛМЭКС» холдингі арқылы Halyk Bank-тің 61,99% үлесіне ие. Сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікпен айналысатын Mercury Properties компаниясына иелік етеді. Білім беру саласындағы бірқатар оқу орындарының да акционері.

Үшінші орында тұрған Дариға Назарбаева да — экс-президенттің үлкен қызы. Оның медиа активтері — елдегі ақпараттық кеңістіктің маңызды бөлігін қамтиды. Ол «Европа плюс Казахстан», НТК арнасы, «Радио Монте-Карло», «Хит FM Қазақстан» және тағы да басқа медиа активтерге иелік етеді, жылдық табысы – 550 млн доллар.

Forbes.kz нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай әйелдерінің тізіміне Назарбаевтың қыздарымен қатар төмендегі есімдер кірді:

2. Мұқадасхан Ибрагимова– 650 миллион доллар. Тау-кен және қаржы саласы. ERG акционері, Әлішер Ибрагимовтың әйелі.

4. Анжела Сәрсенова – 249 миллион доллар. Жанармай саудасы және жылжымайтын мүлік. Helios АЗС желісін басқарады, Рашит Сәрсеновтың жұбайы.

5. Aйжан Есім – 207 миллион доллар. Өнеркәсіп және инвестициялар. "Қазфосфатты" сату арқылы капиталдың елеулі бөлігін алды. Ол белгілі саясаткер Алматы қаласы мен облысының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің қызы.

6. Айдан Сүлейменова – 175 миллион доллар. Keruen сауда орталықтарына ие және Viled тобына мүше, Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлейұтай Сүлейменовтің қызы және кәсіпкер Данияр Абулғазиннің жұбайы.

7. Қаншайым және Жанна Сейтжанова – 84 миллион доллар. Мұнай, құрылыс және өнеркәсіп. Серікжан Сейтжановтың жұбайы және қызы.

8. Алена Сүлейменова – 73 миллион доллар. Люкс ритейл және жылжымайтын мүлік. Viled серіктесі, Диас Сүлейменовтің жұбайы.

9. Гаухар Қаппарова – 65 миллион доллар. Мұнай және білім. Lancaster Group-пен байланысы бар. Бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың жұбайы.

10. Гүлнар Досаева – 61 миллион доллар. Мұнай және ритейл. Lancaster Group-пен байланысы бар, Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы.

11. Раушан Сағдиева – 57 миллион доллар. Жылжымайтын мүлік және ритейл. Құлыбаевтар бизнес тобының серіктесі.

12. Ирина Козлова және Александра Соколова – 52 миллион доллар. Қаржы саласы. BIRINSHI ломбардтар желісіне иелік етеді.

13. Любовь Дружинина – 50 миллион доллар. Тамақ өнеркәсібі. Сүт өнімдерін өндіреді.

14. Сәуле Сейсембаева – 48 миллион доллар. Агробизнес және білім. "Алель Агро" акционері, кәсіпкер Марғұлан Сейсембаевтың жұбайы.

15. Элеонора Баталова – 44 миллион доллар. Баспа бизнесі. "Алматыкітап" баспасының иесі.

16. Карина Сәрсенова – 42 миллион доллар. Медиа, құрылыс және білім. Отбасылық бизнестің өкілі, Рашит Сәрсеновтің қызы.

17. Әлия Маханова – 39 миллион доллар. Қаржы. Ломбардтар мен зергерлік дүкендер желісін басқарады.

18. Наталья Акентьева – 36 миллион доллар. Банк саласы. Bank RBK басқарма төрайымы және акционері.

19. Сәуле Зейнолла – 35 миллон доллар. Өнеркәсіптік дистрибуция. Химиялық реагенттер жеткізумен айналысады.

20. Амина Қасымова – 34 миллион доллар. Сақтандыру компанияларының акционері.

21. Сандуғаш Кемелбаева – 34 миллион доллар. Жылжымайтын мүлік және девелопмент. Алматыдағы коммерциялық нысандарға ие.

22. Галина Зкрияева – 33 миллион доллар. Ритейл және мейрамхана бизнесі. Jeti Aspan холдингінің негізін қалаушы.

23. Амина Ажмағанбетова – 31 миллион доллар. Өнеркәсіп. Аккумулятор өндіру.

24. Гаухар Абықаева – 30 миллион доллар. Зергерлік ритейл. Sansi Jewelry желісінің негізін қалаушы. Бұрынғы ҰҚК басшысы және Назарбаевтың серіктесі Нұртай Абықаевтың келіні.

25. Жанна Кан – 28 миллион доллар. Сән және зергерлік ритейл. Zhanna Kan Group негізін қалаушы.

Yorumlar
Diğer Haberler