Иранда 30-дан астам университетке соққы жасалды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KLVObVDBBkny8u9tzQM0tbPVEuFsDtzQXZeWmfDN.jpg

28 ақпаннан бері Иран аумағында орын алған әуе соққылары салдарынан білім беру саласына елеулі зиян келген. SNNTV телеарнасы хабарлағандай , АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған шабуылдар басталғалы елдегі 30-дан астам университет зақымданған, деп хабарлайды "Адырна".

Мәліметтерге сүйенсек, шабуылдар салдарынан кемінде 60 студент қаза тапқан.

Хабарламада көрсетілгендей, бомбалау нәтижесінде жоғары оқу орындарының инфрақұрылымына айтарлықтай зиян келтірілген. Сонымен қатар, Иранның ғылыми мекемелері елдегі жағдайға байланысты үкіметпен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірген.

Қазіргі уақытта жағдайдың нақты мән-жайы мен шығын көлемі толық анықталып жатыр. Халықаралық қауымдастық бұл оқиғаларға қатысты алаңдаушылық білдіруде.

Yorumlar
Diğer Haberler