Жарты ғасырдан соң. АҚШ 4 ғарышкерін Айға аттандырды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/w5RQAYDMrUluWpuhWEW6CQmFiMa9ZPWibLwVVFu6.jpg

АҚШ «Артемида-2» миссиясы аясында 1972 жылдан бері алғаш рет бортында төрт ғарышкері бар пилотты ғарыш кемесін Айға сәтті ұшырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап. 

Жердің серігін айналып өтетін бұл сапар шамамен 10 күнге созылады. Space Launch System зымыран тасығышы Флорида штатындағы Кеннеди атындағы ғарыш айлағынан әуеге көтерілді.

«Артемида-2» миссиясы аясында экипаж құрамында NASA ғарышкерлері Рид Уайзман, Виктор Гловер және Кристина Кох, сондай-ақ Канаданың ғарыш агенттігінің ғарышкері Джереми Хансен бар «Орион» кемесі Айды бір рет айналып өтеді.

Айды айналып, Жерге қайта оралатын 10 күндік экспедиция олардың адамзат бұрын-соңды жетпеген терең ғарыш кеңістігіне шығуына мүмкіндік береді.

«Бұл Джереми, біз бүкіл адамзат үшін сапарға аттанып барамыз», — деді Хансен ұшырылымға бірнеше минут қалғанда.

Yorumlar
Diğer Haberler