Сары автобусты да соқты. Оқушылардың арнайы көлігі апатқа ұшырап, жиырмадан астам бала зардап шекті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7vXsNPMY4YiIPwBHKRRQGuanGRMdQmzdTOiUwBbV.webp

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Подстепное кентінде оқушылар мінген автобус пен қоғамдық көлік соқтығысып, жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Мой город" басылымына сілтеп.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қоғамдық көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Мәліметтерге қарағанда, Самара - Шымкент тас жолында жақын қашықтыққа жолаушы тасымалдайтын автобус мектеп оқушыларына арналған автобусты қағып кеткен. Полиция таратқан хабарламада зардап шеккендер бар екені айтылады. "Бақытқа қарай ешкім қаза тапқан жоқ. Зардап шеккендердің бәріне медициналық көмек керсетілді", - делінген хабарламада. 

"Мой город" редакциясының мәліметінше, апат салдарынан 24 бала зардап шекті.  Зардап шеккендердің 20-сі Подстепное кентіндегі №2 орта мектептің оқушылары болған. 

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты, ал полиция оқиғаның себептері мен жағдайын анықтап жатыр.

 

Yorumlar
Diğer Haberler