Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі сәби қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4rDe2QLmNMpzIm0bnhk7nw8ki1UW7nGumdNowjgY.png

26 наурызда Атырау облысы, Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы жағдай салдарынан екі сәби көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна".

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат «Toyota Estima» және «Opel» автокөліктерінің қатысуымен болған.

«Жол апаты фактісі бойынша кешенді тергеу шаралары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталуда», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Құзырлы органдар жол қозғалысы қатысушыларын қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Yorumlar
Diğer Haberler