Фото: ЕРА
The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Дональд Трамп әкімшілігі Таяу Шығыстағы әскери контингентті ұлғайту жоспарын талқылап жатыр.
Дереккөздің хабарлауынша, Пентагон 10 мыңға дейін қосымша әскери қызметшіні, оның ішінде жаяу әскер бөлімдері мен бронетехниканы жіберу нұсқасын қарастыруда.
Бұл шешім аймақта бұрыннан орналасқан америкалық күштер аясында қаралып отыр. Олардың қатарында шамамен 5 мың теңіз жаяу әскері бар.
Әзірге жаңа бөлімшелердің нақты қай елдерге немесе аймақтарға орналастырылатыны нақтыланбаған. Сонымен қатар, Вашингтон Иранға қатысты әскери әрекеттер мен жағдайдың даму сценарийлерін қатар бағалауда.
