ЮНЕСКО Ирандағы мәдени мұра нысандарының зақымданғанын растады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/j48qDekqc6cRwA7wwl9sDDMU3LVtCw9ZhhwANseq.jpg

ЮНЕСКО Израиль мен АҚШ-тың әскери операциясы кезінде Ирандағы бірнеше мәдени мұра нысаны зақымданғанын растады. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап The New York Times газеті жазды, деп хабарлайды "Адырна".

«ЮНЕСКО Таяу Шығыстағы, әсіресе Иран мен көрші елдердегі мәдени мұра нысандарына қатысты қиратулар туралы хабарламаларға қатты алаңдаушылық білдіреді», – делінген ақпаратта.

Ұйымның мәліметінше, әңгіме Исфахан қаласындағы Чехель-сотун сарайы мен Жами мешіті, Тегеранның тарихи орталығындағы Голестан сарайы, сондай-ақ Хорремабад аңғарындағы көне тарихи ескерткіштердің маңындағы ғимараттар туралы болып отыр.

Газеттің атап өтуінше, тарихи нысандардың зақымдануы ирандықтар арасында «ашу-ыза, қайғы және қорқыныш» туғызған.

Айта кетейік, бұған дейін Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Израильдің Иран аумағындағы тарихи ескерткіштерге соққы жасап жатқанын мәлімдеп, халықаралық ұйымдардың әрекетсіздігін сынға алғанын хабарладық.

Оның айтуынша, шабуылға ұшыраған кейбір нысандар XIV ғасырға жатады және олардың бірқатары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Yorumlar
Diğer Haberler