Түркияда танымал тарихшы өмірден өтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ifKsOtdSJAiYAKWDg7AwZtdBjXpLwSSSirDAoMAH.jpg

Түркияда қырымтатар текті танымал тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ильбер Ортайлы қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тарихшы 13 наурыз күні ауруханада көз жұмды.

Профессор Ильбер Ортайлы 1947 жылы 21 мамырда Австриядағы босқындар лагерінде дүниеге келген. Оның ата-анасы кеңестік қуғын-сүргіннен қашып, тарихи отанын тастап кетуге мәжбүр болған қырым татарлары болған.

Ол Анкара, Виенна, Чикагоның жоғары оқу орындарында білім алған.

Ғалым Осман империясы, Түркия және Ресей тарихына арналған көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Оның зерттеулері әлемнің түрлі елдеріндегі ғалымдар мен оқырмандар тарапынан жоғары бағаланған.

Yorumlar
Diğer Haberler